Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қолжетімді болады.
Қызметті онлайн алу
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.