«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімнің аудандық кеңесі

29.01.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлованың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен Бұланды ауданының білім беру бөлімінің кеңесі өтті. "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау" тақырыбында білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлова баяндама жасады. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Алдабергенованың "2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығының әдістемелік жұмыс қорытындылары туралы" баяндамасы тыңдалды.

Білім бөлімінің кеңесіне Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Алтаев қатысып, түсініктеме беріп өтті.

Білім бөлімінің жалпы оқыту бойынша әдіскері Э.Ковалева "Оқушыларды тамақтандыруды, тасымалдауды, жалпы оқытуды ұйымдастыру туралы" тақырыбында баяндама жасады. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындысы" тақырыбында ТЖ бойынша әдіскер Ш.Қаскеева баяндама жасады. "Білім беру процестерін цифрландыру мониторингі" тақырыбында мониторинг әдіскері А.Төлебаевтың баяндамасы тыңдалды. Білім бөлімінің кеңесінде қосымша баяндамашылар сөз сөйледі, 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы білім сапасының нәтижелері қаралды.

Бұланды ауданының білім беру бөлімі Кеңесінің шешімі:

 

1. Жоғарыда баяндалған ақпарат назарға алынсын.

2. Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жоспарға сәйкес іс-шараларды жалғастыру.

3. Дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.

4. Аудан мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ аттестаттау құжаттарын дайындау жұмыстарын жалғастыру.

5. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан балаларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыру.

6. Мектепішілік есепте және КТІ есебінде тұрған оқушылар мен отбасыларға ерекше бақылау жүргізу.

7. Қосымша үйірмелер мен секцияларға мектепішілік есепте және КТІ-де есепте тұрған оқушыларды тарту бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ диагностикалық зерттеулер, профилактикалық әңгімелер, психологтың жеке жұмысын жүргізу.

8. Қадағалаусыз қалудың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу.

9. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша АПБ инспекторларымен бірлескен жұмысты жалғастыру.

10. Қиын өмірлік жағдайдағы, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылармен, "тәуекел тобындағы" оқушылармен жұмысты жалғастыру.

 

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст