«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Ақмолалық 4 оқушы математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсында жеңімпаздар атанды

04.03.2021

2020 жылғы 1-3 наурыз аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетімен бірлесіп математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсы өткізді. Конкурс белгілі ғалым Ө.А. Жолдасбековтың естелігіне арналады, биыл ұлы ғалымның 90 жылдық мерейтойы аталып өткізілді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс онлайн форматында өтті. Конкурсқа Франция, Индонезия, Түркия, Тәжікстан, Қырғыстан мемлекеттерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам бала қатысты. Конкурстың негізгі мақсаты – мектептегі математикалық білімді дамытудағы барынша ықпал тигізу, оқушылардың зерттеу қызметтерін ұйымдастыру және инфрақұрылым жүйесін жетілдіру.

Байқауға Ақмола облысынан 8 оқушы – ғылыми жобалар облыстық конкурсының қатысушылары ұсынылды.

Қатысушылар өздерінің жобаларын математика, қолданбалы математика, экономика, механика секцияларында қорғады. 
Конкурс қорытындысы нәтижесінде Ақмола облысының келесі қатысушылары марпатталды:
Күміс медальмен Бокшан Иван – Бұланды ауданы, Новобратский орта мектебінің 11 сынып оқушысы (жетекшісі Саратова Екатерина Анатольевна). 
Қола медальдармен – 3 қатысушы, Черненкова Мария – Бұланды ауданы, Макинск қаласы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы (жетекшісі Черненкова Анна Владимировна), Нурпанова Риза – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (жетекшісі Мусаипова Алия Каиркеновна), Давлетов Амир – Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы (жетекшілері Шлейнингер Эльвира Владимировна, Сафонова Юлия Петровна).

Оқушыларды халықаралық деңгейдегі конкурсқа дайындағаны үшін пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз! Болашақта үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст