Робототехника білім беру процесіне белсенді енгізіліп, оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, шығармашылық және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Осы бағдарламаның аясында Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде мектеп оқушыларының техникалық мүмкіндіктері мен өнертапқыштық қабілеттерін көрсету үшін аудандық «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» байқауы өтті.
Сайыс келесі номинациялар бойынша өтті:
Лабиринт:
🥇 «Robo-TOP» командасы (Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі).
Шығармашылық шеберхана:
🥇 «RoboKids» командасы (Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебі).
Арқан тарту:
🥇 «Жас ғалым» командасы (Макинск қаласының мектеп-лицейі).
🥈 «Robo-TOP» командасы (Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі).
🥉 «Robo Baluan» командасы (Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі).
Робо-сумо:
🥇 «RoboKids» командасы (Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебі).
🥈 «Robo-TOP» командасы (Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі).
🥉 «Robo Baluan» командасы (Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі).
Сызық бойымен жүру:
🥇 «Robo Baluan» командасы (Б.Шолақ атындағы мектеп-лицейі).
🥈 «Robo-TOP» командасы (Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі).
🥉 «RoboKids» командасы (Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебі).
Бұл байқау қатысушылар үшін өз дағдыларын көрсетіп қана қоймай, басқа командалардың жетістіктерінен шабыт алуға тамаша мүмкіндік болды. Шара робототехникаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және оқушылардың дайындық деңгейінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.