Текст
Жаңа жыл балалар үшін ең әдемі, ең құпия және сиқырлы мереке!
Олар оны ерекше асыға күтеді. Ал Жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар оларға ертегі мен сиқырға сенуге тағы бір себеп береді және көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды.
5 жыл бойы Буланды ауданы білім бөліміне қарасты Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мельник Наталья Васильевна жұбайымен бірге ерекше қажеттіліктері бар, үйде оқытылатын балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Жаңа жылға сыйлықтар таратып келеді.