«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы

09.01.2025

2025 жылғы 8 қаңтарда Бұланды ауданы Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Г. Р. Баитова кездесу отырысын ұйымдастырды. Жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, бұл білім беру үдерісі үшін заманауи жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқу кабинеттерін жаңартуға мүмкіндік берді. Мұғалімдер жұмысқа қажетті ресурстарға ие болды, мектеп оқушылары жаңартылған инфрақұрылымды және жаңа білім беру мүмкіндіктерін пайдаланады. Жобада әдістемелік қолдау ерекше рөл атқарады.

            Кездесудің мақсаты: сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету. Басым міндеттерді шеше отырып, жобалардың бағыттары бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Кездесуге 43 педагог қатысты. Жоба жетекшісі Б. Тенсел бес жобаның жоспарын ұсынып, оқушылардың оқу және математикалық сауатылықтарын дамыту жолдары қарастырылды. Жоба бойынша өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді. Қорыта келгенде, жоба жұмыстары мектеп ұжымымен жоғары әдістемелік деңгейде іске асыруда.

Просмотров: 754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст