Қыс мезгілінде, әсіресе, өңіріміздің климаттық жағдайын ескере отырып, жылу, су, электр энергиясымен қамтамасыз ететін нысандарға бақылау күшейтілеті мәлім. Себебі, бұл нысандардың жасап жатқан жұмысының стратегиялық маңызы жоғары. Ауа-райыны болжағанмен, күтпеген жерден қиындықтар орын алуы мүмкін, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шараларды жүргізу өте маңызды. Қаһарлы қыстың аязы мен бораны күшейген шақта білім беру мекемелерінің басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені оқу процесіне ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Әлия Жолдығұлова ауа райының нашарлауына байланысты білім беру ұйымдарын жылумен қамту мәселесі бойынша білім беру мекемелерінің басшыларымен ZOOM форматында кеңес өткізді.
Білім бөлімінің басшысы әріптестерін жауапкершілікке, туындаған мәселелер бойынша дер кезінде әрекет етуге шақырды.
Сондай-ақ ол басшыларға қауіпсіздік, әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтіп, білім беру үдерісіне қатысты барлық міндеттердің үлкен әлеуметтік мәні бар екенін атап өтті.