Көкшетау қаласында «Robotek Grand Tournament 2025» робототехника бойынша облыстық чемпионатыны мәресіне жетті. Іс-шараға Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі «Robo Baluan» командасы үш санат бойынша қатысып, «Robo Basketball» санатында жүлделі 3 орынға ие болды!
Атап өтетін жайт, «Robo Baluan» командасы үш санат бойынша қатысып, өз дайындығы мен робототехника саласындағы осы уақытқа дейін жинаған тәжірибе мен машығын көрсетті. «Robotek» санатында Байзуллов Ж. және Жанұзақ С.; «Robo Basketball» санаты бойынша Шайзан Р. және Алимбаев Н.; «Инверстік жолмен жүру» санаты бойынша Зандыбай Р. және Тохтамыс А облыстық бәсекеде бақ сынасты.
Робототехника ғылымына жақын дарынды балалардың басын қосып, бағыт-бағдар, тәлім беріп жүрген Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің информатика пәнінің ұстазы Бекзан Байсұлтанбектің еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Оқушыларды және педагог Безган Байсұлтанбекті облыстың деңгейде қол жеткізген жеңіспен құттықтап, ауданның беделін арттырып жүрген адал еңбектері мен талпыныстары үшін зор алғыс білдіреміз!