Бүгінгі күні жасанды интеллект туралы барлық жерде айтылуда. Бұл таңқаларлық емес, өйткені нейрожелілер күннен-күнге ақылды әрі функционалды болуда. Оның білім беру саласына енгізілуі мен қолданылуы - уақыттың талабы.
Макинск қаласындағы мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті, тақырыбы: «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолданудың практикалық аспектілері». Семинардың модераторы - аудандық әдістемелік кабинетінің методист-ғалымы Светлана Артемьева, семинар жұмысының ашылуында педагогтардың жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Қызықты әрі пайдалы тәжірибе алмасу нәтижесінде семинардың негізгі мақсатына қол жеткізілді: нейрожелілер мен жасанды интеллектіні оқу процесін байыту үшін қолданудың принциптері мен практикалық мысалдары қарастырылды.
Жұмысқа шығармашылық көзқарас, заманауи технологияларды қолдану, дағдылар мен білімді жетілдіру аудан мұғалімдерінің ерекшелігі болып табылады. Әрбір жаңашылдық оларда қызығушылық туғызады және дамуға ұмтылдырды. Сондықтан семинар әрбір қатысушыға тек жаңа білім мен дағдылар алуға ғана емес, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талқылап, ұсыныстар мен кеңестер жасауға мүмкіндік берген тамаша шығармашылық алаңға айналды.
Мұғалімдер сабақтар мен мастер-класстар өткізді, ал соңында «дөңгелек үстел» форматында қорытынды жасалып, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект әдістері мен технологияларының теориялық және практикалық негіздері талқыланды.