«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» облыстық сырттай балалар киносы байқауының қорытындылары шығарылды

22.04.2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 20-21 сәуірінде Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Жақсы ауданы білім бөлімінің Жақсы ауылы Оқушылар үйімен біріге отыра «Қазақстан балалары шексіз әлемде»  облыстық сырттай балалар киносы байқауын өткізді. 
Шараның мақсаты үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру. Шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру.
Байқауға 11 аудан (Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Есіл, Сандықтау, Біржан сал ) мен 2 қаладан (Көкшетау, Степногорск) барлығы 76 білім алушы қатысты. 
Байқау жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланды:
1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраның толықтай көрініс табуы;
2) тақырыпты терең аша білуі, танымдық, мәдени құрамдастығы;
3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;
4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);
5) музыкалық сүйемелдеу;
6) сценарийлік жұмыс.
Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1) Деректі (ойынды емес) кино 
1 орын – Дьяченко Дарья. Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 1 ЖББМ;
2орын - Сыздыков Равиль. Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО;
3 орын - Аникина Алина. Бурабай ауданы, Щучинск қаласының П.И. Морозов атындағы № 3 ЖББМ.

2) Ойынды кино 
1 орын – Тынысбек Аселя. Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО;
2 орын - Сулейменов Алишер. Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 2 ЖББМ;
3 орын- Ермекказыев Дамир. Көкшетау қаласының №19  орта мектебі.
3) STOP-MOTION-видео
1 орын - Маслова Алина. Жақсы ауданы, Киевское аулының ЖББМ;
2 орын – Ямина Анастасия. Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
3 орын- Солоненко Виолетта. Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 5 ЖББМ;

4) Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім –  
1 орын - Садышев Родион. Ақкөл ауданы, № 2 Ақкөл орта мектебі;
2орын- Токтасынова Аружан. Зеренді ауданы, Өзен ауылының негізгі орта мектебі;
3 орын - Евдокимова Маргарита. Есіл ауданы, Курское ауылының ЖББМ.
 
5) Анимациялық кино
1 орын - Сабырханова Елдана. Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы;
2орын - Сопова Александра. Сандықтау ауданы, Каменка ауылының орта мектебі;
3 орын – Тасбулат Амина. Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy».

6) Музыкалық клип
1 орын - Гелеверя Егор, Есиль ауданы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
2 орын - Совет Сағыныш, Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»;
3 орын - Мухопадова София, Сандықтау ауданы Лесное ауылының орта мектебі.
7) Телевизиялық сюжет  
1 орын - Касьянов Никита, Бурабай ауданы,Успеноюрьевка ауылының ЖББМ; 
2 орын - Жақсылық Қарақат, Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»;
3 орын - Курметбек Аккайын, Бұланды ауданы, Никольское ауылының № 1 орта мектебі. 
8) Киножурнал 
 1 орын - Надейна Ольга, Біржан сал ауданы, Оқу өндірістік комбинаты   «Арт фото» үйірмесі;
2 орын - Пушкарёв Роман, Степногорск қаласының, Ю.А.Гагарин атындағы № 7 ЖББМ;
3 орын - Депершмидт Альбина, Атбасар ауданы, Новосельское ауылының ЖББМ; 
9) Ең үздік операторлық жұмыс
1 орын- Досанова Томирис, Атбасар ауданы, Тимашевка ауылының ЖББМ;
2 орын – Кабдуллина Алина, Біржан сал ауданы, Оқу өндірістік комбинаты «Арт фото» үйірмесі;
3 орын - Атрощенко Виктория, Буланды ауданы, Макинск қаласының БЖШО. 
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст