«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалды

30.04.2021

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ Бұланды филиалы арасында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалды. Екі жақты аудандық комиссия отырысында  аудандық білім бөлімінің басшысы А. Жолдыгулова және білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы  К. Байтемирова қол қойды . Келісімнің негізгі мақсаты қызметкерлер мен жұмыс беруші өкілдерінің өзара міндеттемелерін айқындау, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіптік кепілдіктерді, жеңілдіктер мен артықшылықтарды белгілеу, сондай-ақ неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст