Ақмола облысында педагог-психологтардың I Аймақтық форумы өтті. Бұланды ауданының педагогтары Ғалия Баитова /білім бөлімінің әдіскері/, Дулат Жаркин /Макинск қаласының № 1 мектебінің директоры/, Эльдана Алдабергенова /Макинск қаласының № 2 мектебі / педагог-психолог, Маржангүл Қанатбек, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей және Евгения Куприянова / Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы, аталған педагогтар бірінші форумға қатысты. Іс-шараға форсайт-сессиялар мен пленарлық бөлім кірді, ол психологиялық қызметтердің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын терең және мазмұнды талқылауға арналған алаңға айналды. Сондай – ақ, «Кәсіби жетістіктер залы» облыстық байқауларының жеңімпаздары педагог-психологтардың «Үздік педагог-психолог» және «Үздік психолог кабинеті» жұмыстары көрмелерінде көрсетілді. Форум қорытындысы бойынша педагогтардың алдында тұрған заманауи сұраныстар мен міндеттерді көрсететін білім берудегі психологиялық көмек жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізілді