«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

БАЙҚАУ!

11.05.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі»ММ БОС ВАКАНТТЫҚ ЛАУАЗЫМҒА БАЙҚАУ жариялайды. «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының № 2  жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ-нің директоры Қызметтік ресми жалақысы өтіліне қарай 90 715-тен 109.792-ге дейін.  

            Функционалдық міндеттеме: Мекеменің жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымда басшылық ету. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын ұйымдастырады. Жұмыс жоспарларын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді. Жаппай оқыту заңнамасына сәкес бекітілген аймақтағы балаларды жалпыға бірдей міндетті білім алуды қамтамас етеді. Оқу – тәрбие ілгерілеуінің ғылыми-әдістемелік материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Заманауи инновациялық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдік (педагогикалық) ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының іс әрекеттеріне ықпал етеді. Оқушылар мен тәрбиенушілер контингентін қалыптастырады, оқу қызметін жүзеге асыру құқығына сәйкес тәрбиеленушілер мен оқушылардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие үрдісінде тәрбиеленушілер мен оқушылардың және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасайды. Заңнамада белгіленген шектерде білім беру ұйымның мүліктері мен құралдарын билік етеді, қаржылық және материалдық қорларының түсуі мен шығыстары туралы жылдық есеп ұсынады.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқыту-материалдық базаны тізімдеу, сақтау және толықтыруды, ішкі еңбекті тәртіптеменің, санитарлық-гигиеналық тәртіптеменің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы мен орындалуына жауап береді.

     Педагогикалық кадрлар  мен көмекші персоналды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кесте мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіптеме негізінде қызметкерлердің атестаттауын өткізеді. Білім беру ұйымының ерекше еңбек етіп, көзге түскен мұғалімдері мен басқа да қызметкерлерін, ынталандыру мен марапаттарға ұсынады, өз құзыреттілігіне шектеле тәртіптік айыппұл салады.

Қоғаммен байланыс орнатады, ата-аналармен жұмысты (заңды тұлғаларды алмастыратын адамдармен) үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа ұйымдардарда білім беру ұйымын ұсынады, қажетті есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамас етеді.

Байқау қатысушына талаптар: жоғары білімді және білім мекемелерінде педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін; Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңнаманы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Құқық  бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік - медициналық және педагогикалық түзетулер бойынша қолдау» мен «Білім берудің бағыттары мен перспективаларын анықтайтын педагогика, психология негіздері мен сұхбаттасу және басқа да нормативтік құқықтық актілер»; Педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары; Педагогикалық ғылым мен тәжірибенің қол жеткізуі; Менеджмент, қаржы -шаруашылық қызметтің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережелері мен мөлшерлері, қауіпсіздік техникасы мен өрттің алдын алу әдістері; санитарлық ережелер мен мөлшерлері.

Байқауға қатысуға кандидаттардан талап етіледі:

         1)Жоғары педагогикалық білімі;

         2)Педагогикалық жұмыс өтілі 5 ылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымы 1 жылдан кем емес, шағын жинақты мектепке педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, басшылық лауазымда өтілі талап етілмейді;

         3)Бірінші немесе жоғары біліктілік санаты, және «Педагог модератор», «мұғалім сарапшы», «мұғалім зерттеуші», «педагог шебер» біліктілік санаттары болуы тиіс;

         4)Денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысымен бекітілген 2010 жылдын 23 қарашасында № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық көмек түрлері құжаттарын бекіту туралы» / мемлекеттік тіркеу реестрінде №6697 нормативті құқықтық актілерінде тіркелген/

         5)Қылмыстық жазба болмағаны туралы анықтама

Байқауға қатысу үшін, комиссия белгілеген мерзімде,басшы лауазымына кандидат ұсыну керек:

         1)Осы қағиданың  3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

         2)Жеке басын куәландыратын құжат /сәйкестендіру үшін/;

         3)Білімі туралымемлекеттік үлгіледегі /жоғары оқу орындарының жеке үлгісі/ құжатының көшірмесі;

         4)Еңбек іс әрекеттерін дәлелдейтін құжатының көшірмесі;

         5)Кадрлік есепке алатын жеке парағы мен фотосы;

         6)Бұрыңғы жұмыс орнынан оңдірістік мінездеме;

         7)Біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттар көшірме /бар болса/;

         8)Денсаулығы туралы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысымен бекітілген 2010 жылдын 23 қарашасында № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық көмек түрлері құжаттарын бекіту туралы» / мемлекеттік тіркеу реестрінде №6697 нормативті құқықтық актілерінде тіркелген/, нысан бойынша анықтама;

          9)Қылмыстық жазба болмағаны туралы анықтама;

         10)Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы ақпараттын болмауы туралы анықтама;

         11)Тест өткені туралы құжат /бар болса/;

         12)Біліктілік арттыру курстарын өту, қайта даярлау туралы құжат /бар болса/;

         13)Жетпіс екі сағаттан кем емес, білім саласында менеджмент біліктілік арттыру курстарының өтуін растайтын құжат;

         14)Білім беру ұйымының перспективтік даму жоспары.

         Байқауға қатысуға ұсынған құжаттар көшірмесі, жұмыс орнының кадрлік қызметімен немемсе білім ұйымының жауапты қызметкерімен және мөрмен бекітіледі.

Толық емес құжаттар пакетін ұсынған кезінде, кандидатқа байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде Бұланды ауданы Макинск қаласы Сейфуллина көшесі 18/Б, коммерциялық емес акционерлік қоғам «Мемлекеттік корпорация « Азаматтарға арналған үкімет», Бұланды ауданы Макинск қаласы Лесная көшесі 7, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ тапсырылуы тиіс. Анықтама телефондары 2-14-14, 2-37-20. Осы лауазымға ие болған тұлғаларға, көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст