Облыс әкімі өткізген ашық сабаққа қатысу

12.05.2025

Ақмола облысының мектеп оқушылары облыс әкімі Марат Ахметжанов өткізген ашық сабаққа қатысты. Сабақ Отан қорғаушылар күніне арналып, кездесуге арқау болған басты тақырып: ұрпақтар сабақтастығы және тарихымызды сақтап, Отанды қорғау.
Шараға облыстың барлық түлектері қатысты.
Аймақ басшысы мен оқушылар арасында ашық, сындарлы диалог өтіп, оның барысында облыс әкімінің гранттары мен шәкіртақыларын алу, облыс әкімдігінің, атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» жобасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсету сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Просмотров: 1876


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу