Текст
Республикалық Абай және Махамбет оқуларының облыстық кезеңінде біздің оқушылар тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: І орын – Елешұлы Нұрғиса, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы; ІІ орын – Бермахамбет Бейбарыс, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы; ІІІ орын – Буланбай Диляра, Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Бұл жетістікке жетуде зор қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне, ұстаздар ұжымына және оқушыларды дайындаған жетекшілерге — Елеш Сәттігүл, Искакова Майра Саркеновна, Ахметжанова Куаныш Хайрулловнаға алғысымыз шексіз. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Құтты болсын!