«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыстық музейлер байқауындағы жеңіспен құттықтаймыз

16.05.2025

 

Білім беру ұйымдарының арасында өткен «Уақыт байланыстырушы желі» атты облыстық музейлер байқауы Ұлы Отан соғысының (1941–1945 жж.) 80 жылдығына арналды.

Байқау қорытындысы бойынша Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның 9 «ә» сынып оқушысы Кушенова Нурай жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Нурайды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыны байқауға дайындаған тарих пәні мұғалімі Джолтаева Нурсұлу Каримовнаға кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның әкімшілігіне жастар арасында патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст