«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданы білім бөлімінің жұмыс кеңесі

20.05.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім беру бөлімінің АӘК меңгерушісі Ж.Алдабергенованың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Ж.Алдабергенованың "Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы" баяндамасы тыңдалды. "Балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балаларды қорғау күнін өткізуге дайындық туралы" және "Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде соңғы қоңырауды өткізу туралы" білім бөлімінің әдіскері Ш. Каскеева сөз сөйледі. "Күнделік" электронды журналын жүргізу, ҰБДҚ, әлеуметтік желілер, білім беру ұйымдарының сайттары. Қашықтан оқытатын мектептердегі "Онлайн – Мектеп" платформасын жүргізу мониторингі" тақырыбында білім беру бөлімінің әдіскері А.Төлебаев баяндама оқыды. «Ұйымдардағы психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру туралы» Айнакөл, Гордеевка және Иванковка мектептерінің директорлары есеп берді. Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша білім бөлімінің әдіскері С.Маликова сөз сөйледі. Тәрбиешілерді аттестаттау мәселесі бойынша білім бөлімінің әдіскері Г.Баитова түсіндірме беріп өтті. Білім беру ұйымдарының басшыларына : 1) Жазғы мектептің жұмыс жоспарын жасау және бекіту, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар үшін жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастыру. 2) балалардың жұмыспен қамтылуын, жазғы демалысты ұйымдастыру мен өткізуді бақылауға алуды,  балаларды қорғау күніне арналған іс – шараларды дайындау мен өткізуде "Бақытты бала-бақытты ел" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасы назарға алынсын. Қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізу кезінде 9, 11-сынып білім алушыларын қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және 2020-2021 оқу жылында шектеу шаралары кезеңінде қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі 13.05.2021 ж. № 4090 нұсқаулықты басшылыққа алу. Педагог қызметкерлердің аттестациясын бақылауға алу және мұғалімдер арасында Сovid-19 вакцинациясы мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст