«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Аудандық білім бөлім кеңесі

17.06.2025

Мақинск қаласындағы мектеп-лицейде білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларының, қосымша және мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдерінің, сондай-ақ білім бөлімі мамандары мен әдіскерлерінің қатысуымен аудандық білім бөлімі кеңесі өтті.

2024–2025 оқу жылы бойынша білім бөлімінің жұмыс қорытындысын шығарып, 2025–2026 жаңа оқу жылына арналған міндеттерді білім беру бөлімінің басшысы Әлия Жолдығұлова айқындап берді.

Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, жазғы демалыс және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде білім беру бөлімінің әдіскері Эльвира Ковалева баяндама жасады. Атап өтерлігі, бұл бағыттағы жұмыс ұйымдардан барынша жауапкершілікті талап етеді, себебі балаларды тәрбиелеу – болашақ тұлғаны қалыптастырудағы негізгі аспект болып табылады.

Аудандағы білім беру жүйесінде дарынды балалармен ауқымды жұмыс жүргізілуде. Дарынды жастар олимпиадаларға, байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, жиі жүлделі орындарды иеленіп, ауданның имиджін көтеруде. Бұл бағыттағы жұмыс жөнінде білім беру бөлімінің әдіскері Светлана Артемьева толығырақ баяндады.

Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты білім беру платформаларының толыққанды жұмысына ерекше назар аударылуда. «BilimClass» жүйесін, Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) толтыру, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарды жүргізу жөнінде ауданның педагогикалық активін білім беру бөлімінің бас маманы Арман Төлеубаев хабардар етті. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету, цифрландыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ауданның бас ұстазы білім беру ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, өзекті мәселелер қаралды.

 
 
 
Просмотров: 177


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст