Ауыл мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

17.09.2026

Тоқтамыс және Қараөзек ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттері ресми түрде есігін айқара ашты. Жаңадан іске қосылған бұл кабинеттер білім алушыларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, олардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге, сондай-ақ толыққанды білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру ортасын дамыту – әрбір баланың сапалы білім алуға тең мүмкіндігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы ретте, ауыл мектептеріндегі бұл игі бастама ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қоғамға бейімделуіне және оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне үлкен септігін тигізбек.

 
Просмотров: 273


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу