«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

"Мектепке жол" республикалық акциясы

30.06.2021

Жыл сайын оқу жылының басталуы қарсаңында Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Жыл сайын Ақниет қайырымдылық қоры 5 жыл бойы халықтың қорғалмаған жіктерінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Қор қала және аудан мектептерінің 64 оқушысына рюкзактар және мектеп керек-жарақтары түрінде демеушілік көмек көрсетті.

Білім бөлімінің, ата-аналар қоғамының және аудан педагогтарының атынан өскелең ұрпаққа демеушілік көрсеткен Ақниет қайырымдылық қорына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жақсы істер назардан тыс қалмайды және сіздің үлесіңіз көптеген адамдар үшін үлгі болып табылады! Сізге барлық жақсылық, денсаулық және сәттілік тілейміз!

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст