«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

"Қазіргі мектепте информатиканы оқыту-өзекті мәселелер мен перспективалар" тақырыбы бойынша информатика мұғалімдері сессиясының отырысы өткізілді.

25.08.2021

2021 жылы 24 тамыз күні педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі шеңберінде "Қазіргі мектепте информатиканы оқыту-өзекті мәселелер мен перспективалар" тақырыбы бойынша информатика мұғалімдері сессиясының отырысы өткізілді. Панельдік сессия жұмысына Бұланды ауданы білім беру бөлімінің әдіскері А.Төлебаев, информатика мұғалімдері қауымдастығының басшысы А. С. Цимбал және 20-дан астам педагог қатысты. Сессия жұмысында информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту; оқушылардың медиа құзыреттілігін қалыптастыру; білім сапасын арттыру үшін Педагогтің кәсіби белсенділігі мәселелері талқыланды. Қатысушылар жоспарлау, оқыту мақсаттары, тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты. Информатика мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст