«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыста мектеп автопаркін облыстық бюджет есебінен жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде

27.08.2021

Конституция Күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев білім беру ұйымдарының басшыларына автобус кілттерін табыс етті.

 

Ағымдағы жылы 22 мектеп автокөлік құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 385,4 млн.теңге бөлінді.

Сондай-ақ, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне (бұдан әрі-ППТК) бағытталған ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға сапалы түзету-педагогикалық қолдау көрсету бойынша жағдайды жақсарту мақсатында облыстық бюджет қаражатынан 7 ППТК үшін арнайы автокөлік сатып алуға 94,4 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Бұланды ауданы Журавлевка ОМ үшін 1автобус,  сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасының Баянбай А ОМ, Златополье А. ОМ, Қарашілік А.ОМ үшін 3 Газель, сондай-ақ "Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, № 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ үшін 1 газель алынды.

 

Қалған көліктер осы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст