«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданы білім беру бөлімінің жұмыс кеңесі

10.09.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлованың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Алдабергенованың "2021-2022 оқу жылының басталуы туралы. Оқу жұмысын ұйымдастыру.». "Жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы" тақырыбында білім бөлімінің әдіскері Ш.Қаскеева баяндама жасады. Білім бөлімінің әдіскері А.Тулебаев  "Электрондық журналды жүргізу", ҰБДҚ, әлеуметтік желілер, білім беру ұйымдарының сайттары" тақырыбында баяндама жасады. " Тамақтану.Тасымалдау ұйымдастыру" тақырынба білім бөлімінің әдіскері Э.Ковалева сөз сөйледі. Білім беру ұйымдарының басшыларына білім олқылықтарының орнын толтыру бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу ұсынылды. Әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін, әрбір оқушы бөлінісінде оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу. Облыстың орта білім беру ұйымдарында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша тәрбие жұмысын жалғастыру. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылында атап өтілетін маңызды және мерейтойлық күндерге назар аудару ұсынылады. Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдауды бақылауға алу. "Kundelik"ақпараттық жүйесінің электрондық журналдарын сапалы және уақтылы толтыруға бақылауды күшейту. Сабақтарда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша жұмысты жалғастыру. Ұлттық білім беру базасында (ҰБДҚ) Есептіліктің сапалы толтырылуына бақылауды күшейту сынды жұмыстар тапсырылды.

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст