«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі

16.09.2021

Бұланды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізді. Президенттік олимпиадаға «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат» иегерлеріне үміткерлер қатарынан 12 оқушы қатысуға өтінім білдірді. Олимпиаданың басты мақсаты:  жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, білім-білігі мықты талантты жастарға жағдай жасай отырып, патриоттық рухын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге жолдама алып, ауданымыздың намысын облыста қорғайтын болады. Оқушыларымызға Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст