«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Ұстаздар күніне орай дәстүрлі салтанатты іс-шара

04.10.2021

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" демекші, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер бүгіндері ұлағатты ұстаздарға жүктеліп отыр. Ауданымыздың білім саласында аянбай еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетіп, саланың дамуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан педагогтар аз емес.
Аудандық Мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай дәстүрлі салтанатты іс-шара өз мәресіне жетіп, мереке иелеріне жүрекжарды тілегін аудан әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова арнады. 
Салтанатты шара барысында жұмысын белсенді атқарып, жетістіктерге қол жеткізіп жатқан бірқатар ұстаздар қауымы марапатталды. Алғыс хаттарды Кенжебике Нығметжанқызы және аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ Кеңесінің төрайымы Қ. Байтемирова тапсырды. 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст