«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңеске білім бөлімі басшысының қатысуы

15.10.2021

14.10.2021 жылы Бұланды ауданы прокурорының орынбасары Б.Т. Әлмағамбетовтың төрағалығымен, Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетованың, Бұланды ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары А.С. Құттыбаевтың, Бұланды ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.С. Қайыржановтың, Бұланды ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының Т.А. Мұқамғалиевтың, З.Ғ. Әбілқайырованың, Бұланды аудандық ауруханасының бас дәрігері Ж.С. Мусиннің, Бұланды ауданы полиция Бұланды ауданының білім беру бөлімінің бастығы А.А. Жолдығұлованың, бала құқығын қорғау жөніндегі әдіскер Т.Л. Максимованың, Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.А. Аяпбергенованың, пробация қызметінің бөлім бастығы Д.К. Рахимжановтың, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы А.А. Қалиеваның қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

            Аталған кеңесте 04.03.2021 жылғы Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің, 12.03.2021 жылғы Ақмола облысы Үйлестіру кеңесінің, 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және балаларға қатыгез қарауға қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық іс-қимыл жоспары отырыстарының шешімдерін орындау жөніндегі есептер тыңдалды.

            Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст