«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

География мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн режимінде оқыту семинары өтті

08.11.2021

Әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанар Жансериковна Алдабергенова ағымдағы жылдың екінші тоқсанында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс туралы әдістемелік ұсынымдар жасады: "Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды уақтылы жою – бұл оны жаңа білім алу жолында одан әрі алға жылжыту мүмкіндігін қамтамасыз ету.  Мұғалім жалпы қабылданған нысандарды қолдануы керек және өзінің бақылау құралдарын ойлап табуы керек, олардың шеберлігі артта қалудың алдын алады және әр оқушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді".  
Семинар барысында №1 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Анна Владимировна Черненкова "Сабақты зерттеу білім сапасын арттырудың негізі ретінде", Макинск қаласының мектеп-гимназиясының мұғалімі Елена Сергеевна Булгакова "Географияны оқытуда оқушылардың білім кемшіліктерін жою, Новобратск  ОМ мұғалімі Людмила Ивановна Казакова "Ауылдық мектеп оқушыларын оқытудың белсенді әдістері арқылы оқыту сапасын арттыру.", Партизан ОМ мұғалімі Инна Владимировна Шакубаева, "Біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогтың кәсіби өсуі" тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті .

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст