«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Жаңа жылмен құттықтау

31.12.2021

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл – үміт нұрына толы, болашаққа бағытталған, тек жақсы өзгерістер, ең асыл тілектердің орындалуы әрқашан күтілетін қуанышты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Пандемияға қарамастан, өтіп бара жатқан 2021 жыл жарқын оқиғалармен, білім берудің барлық салаларындағы жемісті жұмыстармен есте қалады.

Жаңа жыл – әр шаңыраққа еніп, жақсылық сепкен жасампаз мереке. Ол адамдарға үміт пен сенім, бақыт, қуаныш пен мейірімділік береді. Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл-күй және армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен береке әкелсін!

Білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлова

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст