«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру байқауы

07.02.2019

  Bilim Media Group компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған республикалық «iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру байқауын жариялайды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушылары байқау арқылы ҰБТ-ға тегін дайындалып, білім грантын ұтып алуға бірегей мүмкіндік алады.

Байқаудың басты мақсаты – «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламалары аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, пайдалы ресурс арқылы ҰБТ-ға дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру.

        Аталған сайыста ҚР азаматы болып табылатын 9, 10, 11-сынып оқушылары және орта білім беретін арнайы мекемелерінің 1-курс студенттері қатыса алады.

Қатысушылар үшін бас жүлде – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған 10 оқу гранты. Одан бөлек, байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 қатысушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Аталған сайыс www.itest.kz платформасында онлайн форматта өтеді.

     «iTest: Үздік нәтиже» байқауы 2019 жылдың 1 ақпанынан 20 маусымына дейін жалғасады. Байқау жайлы толық ақпаратты www.itest.kz сайтынан біле аласыздар.

       Оқушылар осы бірегей білім беру жобасымен танысып, мағлұмат алуы үшін бұл хатты мектептерге таратуыңызды сұраймыз.

Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст