«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

29.03.2022

Олимпиада 24-30 наурыз аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында оффлайн режимде өтеді, оған аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 403 оқушы қатысады.

Олимпиаданы облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды.

Ережеге сәйкес Олимпиада 16 жалпы білім беретін пән бойынша және 2 бағытта өткізіледі:
- 2022 жылдың 24-26 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ) 6 пән - математика, физика, химия, биология, география, информатика бойынша өтеді.
- 2022 жылдың 28-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10 пән бойынша - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, неміс тілі тілі, француз тілі.

Олимпиада сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Oqylyq» платформасында пәндік түрде, «1 компьютер -1 оқушы-1 камера» прокторингін қолдану арқылы және You tube арнасы арқылы тікелей трансляцияланатын болады.

Олимпиадаға «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ата-аналар комитетінің өкілдері, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары бақылау жүргізеді.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст