«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы

26.04.2019

26 сәуірде Б.Шолақ ат.мектеп-лицей базасында «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық сайысқа 8 мектеп қатысты: Б.Шолақ ат.мектеп-лицей, №3 ОМ, мектеп-лицей, Партизанка ОМ, Никольск ОМ, Вознесенка ОМ, Алтынды ОМ, Капитоновка ОМ.

«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

Байқау қорытындысы бойынша келесі мектептер жүлделі орынға ие болды: Макинск қ. Б.Шолақ ат.мектеп-лицей «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық сайыста Гран-при орынға иеленіп, облыстық байқауына қатысуға ұсынылды. Никольск ОМ 1 орынға иеленді, мектеп-лицей 2 орынға иеленді, Партизанка ОМ 3 орынға иеленді.  №3 ОМ, Партизанка ОМ, Вознесенка ОМ, Алтынды ОМ, Капитоновка ОМ наминацияларға иеленді. Құттықтаймыз!!!

Просмотров: 843


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст