«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының 155 жылдық мерейтойына арналған әдеби композициялық кеш өтілді

29.04.2019

Бұланды ауданы білім бөлімінің жоспары негізінде 2019 жылдың 26 сәуірінде орыс тілінде білім беретін орта мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында Макинск мектеп – гимназиясында Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының 155 жылдық мерейтойына арналған әдеби композициялық кеш өтілді.
Кеш қонақтары аудандық «Білім беру бөлімінің» әдіскерлері, «Балалар шығармашылық үйінің» директоры Қалиев Казбек Боранбаевич, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және оқушылар болды.
«Қазақ әдебиетіндегі Балуан Шолақ бейнесі» тақырыбындағы әдеби кешіне қатысушылар Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмір жолы, өнердегі сазгерлігі мен ақындығына қоса балуандығы турасында әсерлі де мазмұнды деректермен қанықты. Балуан атамыздың атақты «Ғалия» әні шырқалды.
Партизанка ОМ, Никольск ОМ, Новобратск ОМ, Капитоновка ОМ, Шұбарағаш ОМ, Отрадный ОМ, Журавлевка ОМ, Алтынды ОМ, Тоқтамыс ОМ, мектеп – гимназиясы, Макинск№5ОМ, Макинск№3ОМ – дің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен оқушылар кешке белсенді қатысты.

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст