«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының 155 жылдық мерейтойына арналған ғылыми практикалық конференция

03.05.2019

       Елдің нуын басып, суын ішкен өмірінің мәні де, сәні де осы өлкеде өткен Балуан Шолақ Баймырзаұлына биыл 155 жыл толып отыр. Бар ғұмырын халқына арнаған әнші-ақын, сазгер, палуан атамыздың өмірі мен шығармашылығын  кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында Бұланды ауданының білім бөлімі Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейінде ауданның тарих пән мұғалімдері және 5-8 – сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  3 сәуірде ғылыми практикалық конференция өткізді.

         Конференцияға Бұланды ауданының архив директоры Қожақанова Бектас Темиргалиевич, аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері де қатысты.

        Ақынның  өмірдерегі, шығармашылығы  жайында тарих пәнінің мұғалімдері оқушылармен бірлесе баяндама жасады, аңыз адам болған тарихы тұлғаның өмірі, отаршылдыққа қарсы шыққан күрескер болғаны, туған елі, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректерді әлі де зерттеу керегін айтып, қатысушылармен ой бөлісті.

      Мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Джолтаева Нұрсұлу Каримовна оқушыларға тарихи тұлға жөнінде дереккөздерін оқып, іздену жолындағы бағытын нұсқап, кітаптар мен деректі материалдар көрмесімен таныстырды.

       Конференция соңында архив директоры Қожақанова Бектас Темиргалиевич сөз алып, архивте сақталынған ақын туралы мәліметтерді көрсетті.

   Аудандық білім бөлімі ғылыми практикалық конференциясын өткізуді ұйымдастырған Балуан Шолақ мектеп – лицей әкімшілігіне және пән мұғалімдеріне алғыс білдірді.

    

                                   Бұланды аудан білім бөлімінің гуманитарлық бағытындағы әдіскері Муса Маржангуль

  03.05.2019ж.

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст