«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Психоактивті заттар мен темекі шегудің алдын алу форумы.

26.04.2022

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы нашақорлық біздің қоғамның өткір және өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Нашақорлық туралы айтатын болсақ, бүгін біз бұл ауыр есірткіні қабылдау ғана емес, сонымен қатар синтетикалық және психобелсенді препараттарды қабылдау екенін білуіміз керек. Жыл сайын бұл мәселе халықтың көп бөлігін қамтиды, бірақ жетілмеген жасөспірімдер денесіне теріс әсер етеді. Кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу осы келеңсіз құбылыстың таралуына жол бермеу жөніндегі қадамдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Бұланды ауданында темекі шегу мен психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу бойынша Форум өтті. Форумға Макинск қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, жас педагогтар, психологтар, жұмыс істейтін жастар қатысты. Форум барысында біздің жастармен квест - ойын, сондай-ақ әлеуметтік театр, “Менің досым-нашақор” этюдтер конкурсы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар
- "Зерделі ұрпақ" ЖҚБ, аудандық білім бөлімі, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры, Бұланды ауданының кәсіпкерлері мен депутаттық корпусының қаржылай қолдауымен Форум жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына баулу, есірткі заттары мен темекі шегуге теріс көзқарасты қалыптастыру, өзіне және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру бойынша біріктіру алаңына айналды.

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст