«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұландылық оқушысы 5-11 сынып оқушыларына арналған ХХ республикалық Абай оқуларынан жеңімпаз атанды

03.09.2019

5-11 сынып оқушыларының арасында ХХ республикалық Абай оқулары  ағымдағы жылдың 26-28 тамыз күндері Семей  қаласының Жидебай өлкесіндегі   «Абай және Шәкәрім» кесенесінің музей-кешенінде өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Биыл Абай оқулары 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленді. Осы 20 жыл ішінде 2300 қатысушы қатысып, олардың 1030 жүлдегерлер атанды. Бұл жастар үшін халық ағартушысының рухани мұрасы ерекше орын алатынын көрсетеді.

ХХ Республикалық Абай оқулары төмендегідей  6 номинациядан тұрды:

1) «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы − Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу;

2) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы − өз шығармаларын мәнерлеп оқу;

3) «Көңілім әнді ұғады» номинациясы − Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;

4) «Ұлылар әлемі» номинациясы − Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу;

5) «Абайдың қара сөздері» номинациясы − Абайдың қара сөздерін  жатқа оқу;

6) «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы −    Ш.Құдайбердіұлы, А.Абайұлы, М.Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан командалар қатысты. Бұланды ауданына « оқушы  қатысты. Ол: «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша  Бауыржан Сұңқар − Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Қорытынды кезеңге жалпы республика бойынша 132 оқушы, 23 жетекші қатысты.

 «Абай оқулары» байқауының қорытындысы нәтижесінде  ІІІ дәрежелі дипломмен Бұланды ауданынан 1  оқушы марапатталды:

 Бауыржан Сұңқар − Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст