«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Халықаралық балаларды қорғау күні

02.06.2022

Халықаралық балаларды қорғау күні-ерекше қуаныш пен жылулыққа толы тамаша мереке. Бұл күн әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ екенін тағы да еске салады.
Макинск қаласының орталық алаңында Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өтті. Аталған іс-шараға мектеп жанындағы алаңдар мен қаланың кішкентай тұрғындары қатысты.
"Макинск Жылу оқшаулау зауыты" ЖШС, "Макинск элеваторы" ЖШС, "Бұланды көмір" ЖШС, "Макинск құю-механикалық зауыты", ЖШС демеушілік көрсеткен үшін алғысымызды білдіреміз. Мерекені өткізуге "Макинск қаласының ЖБОО" МКҚК, "Балалар музыка мектебі" МКҚК, қала мектептерінің ұжымдары, "Шапағат"балалар орталығы белсене қатысты.
Бала болу - бұл сиқыр, ал балалық шақ — кез-келген адамның өміріндегі ең сиқырлы сәттері. Әр бала тек сиқыр мен әсемдікке толы әлемді көруге лайықты. Өйткені, балалар-біздің планетамыздың болашағы. Балаларды жақсы етудің ең жақсы тәсілі-оларды бақытты ету. Балаларды қорғау күні құтты болсын!
Білім бөлімінің әдіскері
Ш. Каскеева

Просмотров: 211


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст