«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Тілдер онкүндігінің өткізілуі туралы есеп

22.09.2017

2017-18 оқу жылына Бұланды ауданы бойынша тілдер

онкүндігінің өткізілуі туралы есеп.

 

Бұланды ауданында  Қазақстан халқының  Тілдер 

күні мерекесіне орай айлық жұмыс қыркүйектің

 6-15  аралығында өткізіліп, қорытындыланды.  Онкүндік облыстық

білім басқармасының жоспары негізінде  аудан

мектептерінде Тілдер күні мерекесінің салтанатты ашылу кешінен басталды. Салтанатты

мерекелік шарада Тілдер мерекесінің тарихына қысқаша тоқталып, апталық

барысындағы іс-шара жоспарымен таныстырды. Әр

мектеп тақырыпқа сай қабырға газеттерін шығарып, тіл мамандары  өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір шаңырақ

астында..» атты кездесу өткізді.

Макинск қаласы № 5 орта мектеп базасында

«Үш тұғырлы тілдің әлемі» атты аудандық зияткерлік ойынға қала мектептерінің

8,9-сынып оқушылары қатысты. Әр мектептен 

6 оқушыдан тұратын команда өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп,  жүлделі орынға ие болды. Қатысқан оқушылар

грамоталармен мадақталды.  

«Ұлтық тіл-мәдениеттің негізі және

іргетасы», «Өзге тілдің бәрін біл- өз тіліңді құрметте» тақырыптар аясында

бұқаралық ақпараттар құралдарында ең үздік мақалалар жарияланды. Аудандық

балалар шығармашылық үйінің «Разноцветный мир игры» атты мақаласы ең үздік деп

таныды. Аудандық «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі» шығармалар сайысына жалпы

орта білім беру ұйымдарынан 19 шығарма жұмысы қатыстырылды. Шұбарағаш орта

мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулетхан Ұлағаттың шығармасы өте жақсы деп

бағаланды.

        Макинск мектеп-гимназиясының

ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында  «Тілдарын-2017» олипиадасы өткізілді, байқауға өзге ұлт өкілдерінің оқушылары

қатысты. Іс-шараға ауданның 19 мектебі белсенділік

танытты. Қорытынды соңында конкурс жеңімпазы Макинск

мектеп-гимназиясының  10 сынып оқушысы жеңіске

жетті. Осындай іс –шаралардан кейін  

бүгінгі күнде қала мектептерінің оқушылары үш тілді білуге ынталы

екендігін, тілге деген сүйіспеншілігі арта түскендігін көруге болады.

 

14 қыркүйек күні аудан мектептерінде 7-8 сынып оқушылары арасында ағылшын

тілінен «Lets speak English» атты аудан деңгейінде интеллектулдық ойыны

өткізілді. Оқушылардың  коммуникативті сөйлеу қабілетін  және 

пәнге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді меңгерудегі қабілеттілігін

байқау мақсатында ағылшын тілі мұғалімі 

Г.Жолдасбаева тақырыпқа қатысты 

тапсырмалар берді. Ағылшын тілінде оқушылар өз ойларын толық айтты.

Өздерінің жылдамдықтарымен, өнерлерімен, білімдерімен  Макинск № 5 орта мектебінің оқушылары жеңіске

жетті.

Сонымен қатар балабақшадағы бүлдіршіндерде «Бала тілі-бал» атты

ертеңгілігін атап өтті. Балдырған балабақшасында «Достық әні» сайысы

ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері балалары қазақ тілінде ән салды.

Жазушы, ғалым, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішұлының  жазушы талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы

поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,

сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, жазушы шығармаларын арқылы

ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу

мақсатында 10-11сынып оқушыларымен Макинск мектеп-лицейі базасында Алтынды орта

мектебінің ұжымы мен шәкірті, жерлесі Сулейменова Бәтима Айтжанқызының

қатысуымен Тұрсынбек Кәкішұлының 90 жылдығына орай «Сәкен деп өткен сері ғұмыр»

атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Қазақтың әдеби шығармаларын кие тұтқан,

жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл шығармаларымен қалың жұртшылықтың махаббатына

бөленген Тұрсынбек Кәкішұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, дүлдүл

ақын Сәкен Сейфуллиннің өлеңдері оқылды.

 

   13 қыркүйек күні  аудандық балалар шығармашылық үйімен «Әлем

ұлттарының ойыны» атты  спорттық сайыс

ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 6-8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның

мақсаты әлем ұлттарының ойындарымен таныстыру. Оқушылар «Бәйге», «Арқан тарту»,

«Городки», «Земля,вода,воздух,огонь», «Виноград» атты ойындарына  қатысып, сайыс жеңімпазы Балуан Шолақ

атындағы мектеп-лицейінің оқушылары деп танылды. Ең алғыр Макинск № 5 ОМ  «Сұңқар» командасы, ең белсенді Макинск № 3

ОМ «Ну погади!» командасы, ең мықты Макинск мектеп-лицейінің «Жас сұңқар»

командасы, ең ұйымшыл алаң клубының «Арман» командалары танылды.

 Әдістемелік кабинеті мен тілдер

орталығының ұйымдастыруымен онкүндік «Тіл -халықтың қазынасы»  атты тілдер фестивалімен аяқталды.

Тілдер онкүндігі бойынша портфолио байқауына аудан мектебінің барлығы

қатыстырылып марапатталды.

Тіл аптылығының қорытындысы туралы «Бұланды таңы» газетіне мақала

жарияланды. 

Осындай өткізілген іс-шаралар бала тәрбиесіне, тіліміздің мәртебесінің

артуына дұрыс ықпал ететіні сөзсіз.

       

 

 

Аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері

Ажданова Ж.Ш.

Просмотров: 1110

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст