«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

25.05.2017

Аудан әкімі Қуандық Испергенов Макинск қаласының мектеп-гимназиясындағы соңғы қоңырауға

арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Мектеп-гимназиядағы оқу процессі әрбір оқушының жеке дамуына бағытталған, оған дәлел оқушылардың

қосымша үйірмелерге, факультативтарға қатысуы. Гимназияның оқушылары әртүрлі

деңгейдегі олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі

орындарға ие болуда.

Аудан басшысы өз құттықтау сөзінде бүгінгі таңда Елбасының сындарлы саясатының

арқасында елімізде сапалы білім алуға, өз білімін жан-жақты жетілдіруге барша

мүмкіндік жасалып отырғанын атап өтіп, ұстаздарға, оқушыларға, олардың

ата-аналарына өмірдегі бар жақсылықты, толағай табыстар тіледі.

Салтанатты жиын барысында марапаттау рәсімі, мерекелік концерт өз мәресіне жетіп, ұстаздар

және ата-аналар қауымы 2017 жылдың жас түлектеріне сәт-сапар тіледі.

Салтанатты іс-шаралар 25 мамыр күні ауданымыздың барлық мектептерінде өтіп, оларға аудан

әкімінің орынбасарлары, Макинск қаласының және ауыл әкімдері, жергілікті атқарушы

билік өкілдері қатысты.

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст