«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Үздік педагог: білімді, дарынды, іздемпаз

20.04.2017

Ауданымыздың үздік ұстаздары аудандық бәсекеде сынға түсті. Макинск қаласындағы

мектеп-гимназияның аясында «Үздік педагог – 2017» сайысы өз мәресіне жетіп,

оған барлығы ауданның 13 педагог қызметкерлері қатысты.

Сайыстың басжүлдесін Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш

сынып мұғалімі Балжан Қаниқызы Маткенова жеңіп алып, жеңімпазға Гран-при

иегерінің дипломы тапсырылып, «Бұланды ауданының үздік педагогі – 2017» атағы

берілді.

Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби біліктілігін қана емес, сонымен қатар оқыту

методикасының өзгешелігін, педагогикалық ерекше дарындылығын бағалады. Кәсіби

шеберлігі мен біліктілігін жақсы деңгейде көрсете білген ұстаздар бірінші,

екінші, үшінші орындарды алып, бөлек номинациялар бойынша дипломдармен

марапатталды.

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст