«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Алғыс айту – игілік сыйлау

03.03.2017

Алғыс айту – игілік сыйлау

Ауданымызда Алғыс айту күні аталып өтті. Мерекелік іс-шара аудандық

Мәдениет үйінде өтіп, оған аудан жұртшылығы қатысты.

Елімізде

тұратын әр ұлттың мәдени және рухани өмірі үшін татулық, келісім және жасампаз

еңбек керек. Біз әлемге саяси тұрақтылық пен, ұлтаралық татулықты үлгі етеміз.

Бұл басты құндылығымыз. Осы орайда Алғыс айту Күнінің ел ішінде тұратқтылықты,

ұлтаралық татулықты сақтауға қосар үлесі зор. Алғыс айту Күні – ол қайырымдылық

дәстүр және өзара қолдау күні.

Жақсылыққа

толы мереке күнімен бұландылықтарды аудан әкімінің атынан аудандық мәслихаттың

хатшысы Шахман Құсайынов құттықтап, ауданның барлық тұрғындарына алғыс

білдіріп, жақсылық тіледі.

Мерекелік

әдемі сахна, жүрекжарды ақ тілектер. Осының барлығынан кейін әлбетте,

марапаттау рәсімі мәресіне жетті. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына

зор үлесін қосқан бірқатар аудан тұрғындары алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның

ресми бөлімін ауданның шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама

жалғады.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст