«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Ашық жүрек» қайырымдылық кеші

27.02.2017

Макинск қаласының мектеп-лицейінде Бұланды ауданының

іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Клара Тұңғышқызы Мендібаеваның

ұйымдастыруымен және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен тұңғыш рет

ауданымызда «Ашық жүрек» атты қайырымдылық кеші өз мәресіне жетті. Жақсылыққа

толы іс-шара Алғыс күніне орай өткізілгені нұр үстіне нұр жауғызғандай.

Мектеп-лицейдің мәжіліс залы бұл күні ерекше нұрланып,

жарқырай түсті. Оған себеп болған тек қана залдың мерекелік безендірілуі қана

емес, сонымен қатар жақсылықтың бастамасы болған нұрға толған іс-шара еді.

Өткені, қайырымдылық пен адамгершілік, мұқтаж адамдарға көмек көрсету, жан

жалуын аямау – адамды жақсы ететін қасиеттер.

Қайырымдылық кештің бағдарламасы қызықты болды.

Біріншіден жақсы істің бастамасына орай ақ тілектер айтылды. Сахна төріне

шығып, ақ тілектер тілегендер: ісі-шараның ұйымдастырушысы Клара Тұңғышқызы

Мендыбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Қабиденқызы Есмурзина,

Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Дамелия Қуатайқызы

Қойшина, ауданымызға аты танымал Серік Құрмашұлы Әкімбаев, діни қызметкерлер:

аудандық мешіттің бас имамы Дәрігерхан Тұрдыақынұлы және православ шіркеуінің

қызметшісі Владимир Шелободин.

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст