«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Жарқын болашақ» ІХ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қазақ тілі олимпиадасы

16.02.2017

 

«Жарқын болашақ» ІХ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қазақ тілі

олимпиадасы

 

          «Жарқын болашақ» олимпиадасы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

Республикалық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ) тарапынан жыл

сайын өткізілетін олимпиада болып табылады. «Жарқын болашақ» олимпиадасының

республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған 11-сынып оқушыларына

Сүлейман Демирел атындағы университеттің шешімімен білім гранты беріледі. Грант

саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Осыған орай әр жылы

Бұланды аудандық білім бөлімінің қолдауымен қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру

мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын

болашақ» олимпиадасын өткізу дәстүрге айналды.

2017 жылы 08 ақпан күні Макинск мектеп-гимназиясында  бес бағыттағы «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз

шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» атты конкурстары

жүргізілді.

Бұл конкурстың өткізілу мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,

қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау,

оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын

дамытуға бағытталған еді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына ауданның 19 метептебі қатысты. Барлығы 78

оқушы болды.

Конкурсқа барлық мектеп жақсы дайындықпен  келгенін көрсетті, атап айтсақ  «Сөз шеберлері» конкурсында ұлттық

құндылықтарын насихаттауда, даусы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі, сахнада

өзін ұстауы, әуені жағынан ерекше көрінген Макинск мектеп-гимназиясының 8 сынып

оқушысы Қозыев Шыңғыс (мұғалімі Нурабаева Д.Т.), Алтынды ОМ 10 сынып оқушысы

Падихан Ботакөз (мұғалімі Дуйсенова Г.Ж.) болды. «Жас ғалымдар» конкурсында Макинск

№ 3 ОМ, Шұбарағаш ОМ  және Балуан Шолақ

атындағы МЛ  өзінің ғылыми жобаларын

ұсынды.  «Жазушылар» конкурстарында арнайы

тақырыптарға эссе жазған, тақырыптың мазмұнын ашып, оны жеткізе білген Алтынды

ОМ 10 сынып оқушысы Тілек Құралай (Дүйсенова Г.Ж.), Қараөзек ОМ 10 сынып

оқушысы Наурызхан Абай (мұғалімі Чарияздан Рашат) және «Тілші- әдебиетшілер»

конкурсында әдебиет пен қазақ тілінен берілген  тесттің 100 сұрағына  жауап берген Никольск ОМ 10 сынып оқушысы

Омирзак Адина (мұғалімі Канафина К.К.), Партизанка ОМ  10 сынып оқушысы Оспан Айдана  (мұғалімі Альжанова А.Е.), Алтынды ОМ 9 сынып

оқушысы Крапивко Дарья (мұғ.Кинабаева А.А.), еді. Қазақ тілін ана тілі және шет

тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін

көрсететін, ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе

алатын жарыстың бірі «Әнші бұлбұлдар» конкурсында Макинск № 5 ОМ, 9 сынып

оқушысы Авил Сымбат  (мұғалімі Макишева

С.М. ), Қараөзек ОМ, 7 сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла  (мұғалімі Багзи Г. ), Вознесенка ОМ, 7 сынып

оқушысы Прокопенко Дарья, Балуан Шолақ ат.МЛ, 8 сынып оқушысы Кенжебаева Фарида

(мұғлімі Айтуған Амангелді ), Макинск мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы

Плутенко Ксения (мұғ.Тұржан М.Б.)  ерекше

көзге түсті.

Әділ-қазылар

шешімімен аудан мектептерінен құрылған құрама командасы (Макинск мектеп-лицейінің 10 сынып

оқушысы Жалғасов Тайман , Балуан Шолақ атындағы МЛ, 10 сынып оқушысы Ибрагимова

Саяна, Макинск № 3 ОМ, 8 сынып оқушысы Ионова Эрика, Макинск № 3 ОМ, 7 сынып

оқушысы Чокан Лада, Шұбарағаш ОМ, 9 сынып оқушысы Жаулыбаева Мадина) ақпанның 15-шы жұлдызы күні Көкшетау

қаласында IХ облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында өз бақтарын сынауға

жолдама алды.

Бұланды ауданы білім бөлімі осы конкурсты өткізуге үлесін қосқан Макинск

мектеп-гимназиясының директорына (Ташимова Қ.Қ.) және қазақ тілі ұжымына, оқушыларды

дайындаған пән мұғалімдеріне, білім бөлімінің шешімімен құрылған әділ-қазылар

алқасына алғыс білдіреді.

 

Аудандық әдістемелік

кабинетінің

 әдіскері Ажданова Ж.Ш.

 

 

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст