«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Алғашқы әскери шеберлігі бойынша сайыс өткізілді.

15.11.2019

Бұланды ауданында орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында алғашқы әскери шеберлігі бойынша сайыс өткізілді. Аталған сайысқа қонақтар есебінде Ауған соғысының ардагерлері шақыртылды. Арнайы концерттік бағдарлама да әзірленді. Пневматикалық қарудан оқ ату, АК-74 оқу автоматын бұзып-жинау, саптық шеру, кір тасын көтеру және тағы басқа сайыстар түрлері бойынша, қатысушылар көңіл толарлық нәтиже көрсетіп, болашақ жауынгерлердің шеберлік деңгейімен қуантты. Қазылар қатарында сайыскерлерге бағасын берген, Қонақтар келешек сарбаздарға Отан қорғау жолында аянбай тер төгіп, жоғары сапалы жауынгер болу үшін, кәзірден бастап жанды-жақты дайындық жасау маңыздылығын айтып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша, жеңімпаз болып Балуан Шолақ атындағы мектеп оқушылары танылса, жүлдегер қатарында №3 және №5 орта мектептер ұжымдары табыла білді.

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст