«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының жеңімпаздары

26.11.2019

2019 жылдың 23-24 қарашасы күні Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінде  Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен, облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысы өтті.

«Бала би» интелелктуалды шешендік өнер сайысы бұл күнгі қоғамда білім мен шешендікті дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеуді мақсат етеді. Қазіргі таңда оқушыларымыз батыстың әндері мен киноларын көріп өскендіктен және басқа да факторлардың әсерінен таза әдеби қазақ тілінде сөйлеуге қиналады. Күнделікті теледидардан немесе қоғамдық орындарда әліпбидің қазақы әріптерін бұрмалап сөйлейтін адамдардың да cаны аз емес.

 Осы орайда «Бала би» шешендік өнер сайысының ұйымдастырылуы әбден орынды деп санаймыз.

Басты мақсаты - ұлттық рухпен, сол арқылы қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу.

Сайысқа Бұланды атынан Балуан Шолақ атындағы мектебінен "Алаш" командасы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Команда құрамындағы 11 сынып оқушысы Маратұлы Мұхамед пен 10 сынып оқушысы  Бейбітхан Ертай дипломмен, алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жетекшісі Айтуған Амангелді.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст