«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасы

21.11.2022

 

          2022 жылының 17 қарашасы Макинск мектеп-гимназиясының базасында  Республикалық «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Олимпиаданың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру,мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту,мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Аудандық 21 білім ұйымының 26 педагогы қатысып өз шеберліктерін,білімдерін шыңдады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Қорытынды бойынша 1 орынды  Макинск №2 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жылгелдиева Ләззат Бақытқызы жеңіп алды. 2 орын- Рем Анна Ивановна, Алакөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Мухина Алена Владимировна, Макинск мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.3 орынды-Ахметжанова Карлыгаш Куттыбековна,Макинск мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі,Цапко Галина Альбертовна,Журавлевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,Оспанова Гульбаршин Байдалиевна,Никольск №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық олимпиаданың жеңімпазы болуға шын жүректен тілейміз! Барлық қатысушыларға- алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жете беріңіздер,шығармашылықтарыңыз шыңдай берсін,мәртебелеріңіз жоғары,абыройларыңыз асқақ болсын!

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст